USD
USD
USD

Whatsapp үкіметті сотқа берді

WhatsApp қосымшасының өкілдері Үндістан үкіметін сотқа берді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Whatsapp үкіметті сотқа берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Арыз Делидің Жоғарғы сотына жіберілген. Бұған ресми Делидің цифрлық БАҚ-та ақпарат жеткізуді реттеуге бағытталған жаңа ережелерді қабылдауы түрткі болған. Мессенджер өкілдері жаңа ережелердің бір тармағы Үндістан Конституциясында бекітілген азаматтардың жеке өмір құқығына қайшы деп отыр. Жаңа нормаға сәйкес, үкіметтің талабы бойынша Whatsapp ақпаратты бірінші жіберген қылмыскер туралы деректі беруге тиіс. WhatsApp өкілдерінің айтуынша, мұндай жағдайда хабарламалар шифрлау арқылы қорғалғандықтан, тек жіберуші ғана емес, сонымен қатар хабарламаны алушы туралы да мәлімет берілмек. Әзірге шағымның қашан қаралатыны жарияланбады. WhatsApp та нақты осы арызға қатысты ешқандай мәлімдеме жасамады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер