USD
USD
USD

WhatsApp мессенджерінде өзгенің арына тиген атыраулық айыппұл төледі

Атырау облысының тұрғыны WhatsApp мессенджерінде өзгенің арына тиетін дыбыстық хабарлама жіберген. 

WhatsApp мессенджерінде өзгенің арына тиген атыраулық айыппұл төледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сот үкімімен құқық бұзушыға 69 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Kazinform.

Жылыой аудандық сотында жәбірленуші А.Т.-ның абыройы мен қадір-қасиетін кемсіткен адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Айыпталушы З.И.-ға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабының 1-бөлігімен (Қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту) айып тағылған. 

«Жәбірленуші А.Т. арызында З.И.-дың WhatsApp желісі арқылы абыройы мен қадір-қасиетіне тиетін дыбыстық жазба жолдағанын көрсетіп, оны қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады. Сот іске қатысушыларды тыңдап, дәлелдемелерді зерттеді. Сот психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысына сәйкес, сотталушы З.И-дің іс-әрекетінде Қылмыстық кодексінің 131-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтың құрамы бар деп тапты. Алайда, шағымданушының З.И.-ды аталған 131-баптың 1-бөлігімен жауаптылыққа тарту туралы арызына байланысты іс жеке айыптаудың шеңберінде қаралды», - деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен құқық бұзушыға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 69 мың теңге айыппұл салынды. Сотталушы З.И.-дан жәбірленушінің пайдасына сараптама жүргізумен байланысты 293 мың 250 теңгенің сот-процестік шығыны өндірілді. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам