USD
USD
USD

WhatsApp, Telegram және басқа да шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салынды ма?

БАҚ-та таралып жатқан WhatsApp, Telegram және басқа да шетелдік мессенджерлерді қолдануға тыйым салынады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Цифрлық даму министрлігі жеке мақсатта шетелдік сервистерді қолдануға еш тыйым салынбайтынын хабарлайды.

әлеуметтік желі
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Aitu мессенджерін енгізу бастамасы тек орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор ұйымдарына қызметтік коммуникация үшін ғана ұсынылады. Ол мемлекеттік қызметкерлер тек жұмыс барысында пайдаланатын ақпаратпен қауіпсіз алмасуды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Мақсаты – ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру және қорғалған цифрлық ортаға көшу.

Aitu қызметтік хат алмасудың, жұмыс чаттарының, жедел хабарламалардың және мемлекеттік цифрлық платформалармен өзара әрекеттесудің негізгі құралына айналады. Оның басты артықшылығы – барлық серверлер Қазақстан аумағында орналасқан, бұл деректерді қорғау талаптарына сәйкес келеді және жүйені мемлекеттік органдар үшін сенімдірек етеді.

Aitu шетелдік мессенджерлерді азаматтардың жеке өмірінде алмастырмайды және оған «кедергі келтірмейді», ол тек мемлекеттік сектордағы жұмыс процестері үшін қорғалған арнаны қамтамасыз етеді.

Қазір оқып жатыр

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент

«Van Cleef алқасын, Dior сөмкесін пара ретінде алған»: Кореяның экс-бірінші ханымы тағы 7 жыл арқалады

Ким Кон Хи