USD
USD
USD

WBO Головкинді рейтингтен алып тастады

Бүкіләлемдік бокс ұйымы соңғы жекпе-жектерді саралап, үздік боксшылардың тізімін жаңартты, деп хабарлайды Хабар-24. 

WBO Головкинді рейтингтен алып тастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Орта салмақта 6-сатыда тұрған қазақстандық Генадий Головкин рейтингтен шығып қалды. Айта кетейік, WBO тұжырымы бойынша чемпиондық белдік тағы бір қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының еншісінде.

Бірінші орында британиялық кіші Крис Юбэнк болса, одан кейін тағы бір жерлесіміз Мейірім Нұрсұлтанов тұр. Ал үздік үштікті америкалық Шейн Мозли түйіндеді.

Айта кетейік, Генадий Головкин соңғы рет былтыр жұдырықтасты. Яғни, шаршы алаңға шықпағанына жылдан аса уақыт өтті. Ақтық айқаста мексикалық Сауль Альвареске есе жіберген болатын. Одан кейін барлық чемпиондық белдігінен бас тартты.

Головкин бүгінге дейін бас-аяғы 45 жекпе-жек өткізіп, оның 42-сінде жеңіске жетті. Қазір жасы 41-де. Ол алдағы наурызда Алматыда жекпе-жек кешін өткізеді деген бейресми ақпарат бар және ол кәсіпқой масанбындағы соңғы кезедсу болуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық