USD
USD
USD

WBA Головкиннің келесі қарсыласын белгіледі

Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) комитеті орта салмақтағы суперчемпион Геннадий Головкин мен осы санаттағы чемпион Эрисланди Лара арасында жекпе-жек өткізуді міндеттеді.

WBA Головкиннің келесі қарсыласын белгіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осыған байланысты Головкин мен Лараның жекпе-жекке қатысты бір келісімге келуі үшін бір айдай уақыты бар. WBA хабарламасында уағдаластыққа берілген уақыт 23 қазанға дейін деп көрсетілген.

Негізінен, WBA ережелері бойынша чемпион атанғаннан кейін 120 күн өткен соң ресми үміткер белгіленіп, ол өз титулын қорғауы үшін сол спортшымен рингке шығуы керек.

Егер белгіленген мерзімге дейін Головкин мен кубалық боксшы Лара жекпе-жек туралы өзара келісімге келе алмаса, Головкиннің пайдасына 75-тен 25 пайызға дейінгі арақатынаста жүлде қоры бөлініске түсетіндей шартта промоутерлік сауда тағайындалады.

Қазір оқып жатыр

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы