USD
USD
USD

WBA Бейбіт Шүменовты титулынан айырды

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовті WBA Regular тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырғанын мәлімдеді.

WBA Бейбіт Шүменовты титулынан айырды
Фото: NEGE.kz

Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Алматы, NEGE. «WBA шешімі ішкі ережелерге негізделіп шығарылды. WBA-ның өзіне ұсынған талай мүмкіндіктерді пайдаланып, жасаған сұраныстарына қарамастан, Шүменов өз титулын отыз айдан астам уақыт қорғамаған. Сол себепті ол чемпион атағынан айырылып, енді WBA-ның бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы болып Мерхи атанды», - делінген қауымдастық қаулысында. Оған спортшының ұзақ уақыт бойы әрекетсіздігі себеп болды. Шүменов рингке соңғы рет 2018 жылдың шілде айында шыққан еді. Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Бейбіт америкалық Рафаэль Мерфимен Голливудта, Флоридада, АҚШ-та жекпе-жек өткізуі керек еді, бірақ белгісіз себептермен қазақстандық боксшы жекпе-жектен бас тартты.

Қазір оқып жатыр

Бұрынғы депутат Ринат Зайытов қорғаныс саласына қарасты орталықтың басшысы атанды

Ринат Зайытов

Үш карьер қазып, жерді бүлдірген: Қарағанды облысында заңсыз кен өндірісі тоқтатылды

ҚМА

Алтынбек Қоразбаев, Нұржұман Ықтымбаев: Тоқаев бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қоразбаев, Ықтымбаев

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ