USD
USD
USD

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылардың бірі әрі Alatau City Bank-тің жалғыз акционері Вячеслав Ким Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапары аясында өткен іс-шаралар барысында Alatau City-де AÑSA HUB атты көпфункционалды хаб құрылғанын мәлімдеді.

Вячеслав Ким
Фото: Kaspi.kz

Астана, NEGE. Хабты тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін көлемі 100 миллион АҚШ долларын құрайтын эндаумент-қоры құрылды.

AÑSA HUB келесі негізгі бағыттар бойынша жұмыс істейді:

  1. Вячеслав Кимнің Alatau City аумағында және бүкіл Қазақстан аумағында жүзеге асыратын білім беру және инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру;
  2. Қазақстан мен Орталық Азия ғалымдары мен университеттерін, сондай-ақ шетелдік жетекші зерттеушілер мен инвесторларды бірлескен жұмысқа тарту арқылы ғылымды дамыту және оның нәтижелерін коммерцияландыру;
  3. инновациялық жобаларға венчурлік инвестициялар құю;
  4. ғылым, өнер, мәдениет және спорт салаларындағы жобаларды гранттық қаржыландыру.

«Қазақстан бизнесті дамыту мен өркендетуге бірегей мүмкіндіктер ұсынып отыр. Kaspi.kz секілді бизнес-модельдердің басқа елдерде дәл осылай жұмыс істеуі екіталай десек, артық айтқандық емес. AÑSA HUB-ты құру – менің еліме деген алғысым мен ризашылығымның көрінісі. Мен Қазақстанның әлемге өз таланттарының дамуына барлық жағдай жасайтын, озық ойлы ел ретінде танылғанын қалаймын. Қазақстан мен Alatau City білім алуға немесе инновациялық жобаларды дамытуға ұмтылған дарынды жандардың басын қосатын орталыққа айналуы үшін бар күшімді саламын», – деп атап өтті Вячеслав Ким.

AÑSA HUB қаржыландыруға өтінімдер қабылдамайды. Хаб қаржыландыруға лайықты жобаларды өз бетінше іздеп, іріктейтін болады.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті