USD
USD
USD

Волонтерлар үйі ашыла ма?

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың волонтерлар ұйымдарының өкілдерімен кездесу кезінде айтты.

 Волонтерлар үйі ашыла ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 20-дан астам волонтерлар ұйымының өкілдері қатысқан кездесудің басты мақсаты – Волонтер жылы деп жариялаған биылғы жылы атқарылатын жұмыстардың жоспары бойынша «сағатты салыстыру». Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев атап өткендей, ізгі ниетті қалалықтар өмір сүрудің барлық салаларында белсенді және қала қауымдастығының ажырамас бөлігіне айналған.

Кездесу кезінде айтылған ұсыныстар – мейірімділіктің қалалық шеруін, экологиялық жүгіруді ұйымдастыру, қаланы жасылдандыруға қатысу, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету және оқушылардың заңнамалық сауаттылығы бойынша сабақтар өткізу. Аз қамтылғандарға, жалғыз басты қарт адамдарға және ерекше қажеттілікті талап ететін балаларға көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, волонтерлар донорлықты қолдайды әрі алғашқы медициналық көмек көрсетудің негіздерін үйретеді. Қалдықтарды жеке жинау, хайуанаттарды қорғау мен сақтау мәселелері де маңызды.

Қала әкімі Б. Сағынтаев волонтерлық жобалардың барлығының қолдау табатындығын айтты.

«Волонтерлық қозғалыс салиқалы әлеуметтік-жауапты іске айналуда. Сондықтан волонтерлар топтарын дайындау, бірыңғай ақпараттық базаны құру маңызды. Күш-жігеріміз бен ресурстарды біріктіре отырып, біз бұл міндеттердің барлығын шешеміз. Осы мақсат үшін волонтерлар мен қоғамның өзара іс-қимылының тиімді алаңына айналатын Волонтерлар үйін ашамыз», – деп қорытындылады сөзін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші

Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстанның U-21 құрамасымен кездесті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы

«Мәдениет саласынан орын табар»: ІІМ орынбасары билеген полицейлерге қатысты пікір білдірді

Полиция қызметкерлері

Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Гульнара Бажкенова