Volkswagen ондаған мың жұмыс орнын қысқартып, 2030 жылға дейін жалақыны өсірмеуді жоспарлаған
Сарапшылардың айтуынша, инфляцияны ескергенде, мұндай шешім жұмысшылардың сатып алу қабілетін бірнеше жыл ішінде шамамен 10 пайызға төмендетуі мүмкін. Алайда компания бұл ақпаратқа түсініктеме беруден бас тартқан.
Астана, NEGE. Ал IG Metall кәсіподағы, керісінше, жалақыны 5 пайызға көтеруді талап етіп отыр, деп жазады BILD. Егер тараптар келісімге келмесе, қарашада Германияның металлургия өнеркәсібінде, ал қаңтардан бастап Volkswagen кәсіпорындарында ереуілдер басталуы мүмкін.
Volkswagen соңғы бірнеше жылдан бері шығындарын қысқартып келеді. Бұған АҚШ-тың кедендік баждары, Қытайдағы сатылым көлемінің төмендеуі, сондай-ақ концернге қарасты Audi мен Porsche брендтеріндегі жағдайлар әсер еткен.
2024 жылы Volkswagen компаниясының шамамен 130 мың қызметкері жалақыны көтеруден уақытша бас тартуға келіскен. Енді концерн шығындарды одан әрі қысқартып, ондаған мың жұмыстан босатуды және Германиядағы төрт зауытты жабу мүмкіндігін қарастырып отыр. Олардың қатарында Эмден, Ганновер, Цвиккау және Неккарзульм қалаларындағы кәсіпорындар бар.
Бұл жоспарлар компанияның өндірістік кеңесінің наразылығын тудырды. Кеңес өкілдері басшылықты қызметкерлердің нақты табысын ұзақ жылдар бойы төмендетуге тырысып отыр деп айыптады.