8 Маусым 10:44
...

Волейболдан Ұлттар кубогы: Қазақстан әйелдер құрамасы екінші жеңісіне жетті

Жетісу
Фото: gov.kz

Вьетнам астанасы Ханойда өтіп жатқан волейболдан әйелдер командалары арасындағы AVC құрлықтық Ұлттар кубогында Қазақстан құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді.

АЛМАТЫ, NEGE. Бұл жолы Ришат Гилязутдинов жаттықтыратын команда Моңғолия құрамасымен кездесіп, 3:1 есебімен басым түсті. Бірінші партияда қазақстандықтар айқын басымдық танытып, 25:14 есебімен жеңіске жетті. Алайда екінші сетте қарсылас күтпеген қарсылық көрсетіп, 24:26 есебімен жеңіске жетті. Үшінші партияда отандық волейболшылар қарымта қайтарып, 25:18 нәтижесімен басым болды.

Төртінші сетте Моңғолия 9:4 есебімен алға шыққанымен, қазақстандықтар есепті теңестіріп, кейін матчты өз пайдасына аяқтады – 25:15. Жалпы есеп – 3:1.

Ойын барысында команда капитаны, Орал волейболының түлегі Сана Анарқұлова жоғары деңгейде ойын көрсетті. Сондай-ақ Юлия Якимова, Маргарита Бельченко, Перизат Нұрбергенова, байланыстырушы Наиля Нигматуллина, Сәния Балағазинова мен Татьяна Никитинаның үлесі зор болды. Либеро позициясында Сәбира Бекішева мен Томирис Сағымбаева алма-кезек ойнады.

Қатарынан екі жеңіске жеткен Қазақстан құрамасы В тобының көшбасшысы атанды. Ертең ұлттық құрамамыз Индонезия командасына қарсы алаңға шығады.