USD
USD
USD

Волейболдан жеңімпаз команда анықталды

«Шымкент жастар лигасы» жобасы аясында спорт бәсекелері жалғасуда.

Волейболдан жеңімпаз команда анықталды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Бүгін волейболдан жеңімпаз команда анықталды. Волейбол ойынына жалпы 131 мектептен 1572 жас қатысып, ширек финалға шыққан 16 командадан 192 жас бақ сынады.

Соңғы финалдық сынға №64 және №113 мектептің шәкірттері шыққан болатын. Аса тартысты өткен ойында №64 мектептің шәкірттері жеңіске жетіп, лигада жеңімпаз атанды. Үшінші орынды № 50 мектеп жеңіп алды.

Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов финалдық сынды тамашалап, қатысушыларға қолдау көрсетті.

Айта кетсек, шаһарда биыл 1 наурыздан бастап оқушылар төрт спорт түрінен – волейбол, футбол, баскетбол және шахмат ойындарынан сынға түсуде. Жобаны Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі, білім, дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесе ұйымдастырды.

Командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі 1 маусым күні «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда өтеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1 қазаннан бастап жұмыссыз деп тануға дейінгі мерзім 13 күнге ұзарады

Жұмыс іздеуші

Дастан Сәтпаев Англияда Қазақстанның U-21 құрамасымен кездесті

Қазақстан ұлттық футбол құрамасы

«Мәдениет саласынан орын табар»: ІІМ орынбасары билеген полицейлерге қатысты пікір білдірді

Полиция қызметкерлері

Orda.kz-тің бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға шыққан үкім өзгеріссіз қалды

Гульнара Бажкенова