USD
USD
USD

Волейболдан Ресейдің орнына Украина қатысады

 Волейболдан ерлер арасындағы әлем чемпионаты бағдарламасына өзгеріс енгізілді.

Волейболдан Ресейдің орнына Украина қатысады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалыптасқан жағдайға байланысты Ресей құрамасы шеттелді. Ал оның орнын Украина командасы басады. Бұл жөнінде Халықаралық волейбол федерациясының хатын негізге алып Украина волейбол федерациясы мәлімдеді. Хатта жеребе тарту рәсімі қайта өтпейтіні айтылған. Украина А тобында өнер көрсетеді.

Бұл топта Пуэрто-Рико, Тунис және Сербия бар. Ал жарыстың өзі тамыздың соңында Польша мен Словения елдерінде болады. О баста Ресей қабылдайды деп жоспарланған. Бірақ геосаяси жағдайларға байланысты оның өтетін орны мен уақыты ауыстырылды. Украина құрамасы қазір әлемдік рейтирнгте 23-орында тұр және әлем чемпионатына 2-рет қатыспақ. Бұған дейін 1998 жылы ғана бағын сынап, 19-орынға тұрақтады. 

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur