USD
USD
USD

Владимир Зеленскийдің әйелі коронавирус жұқтырды

 Украина президенті Владимир Зеленскийдің әйелі Елена коронавирус жұқтырды. Украина көшбасшысы мен балаларынан COVID-19 анықталмады, – деп хабарлайды РИА Новости.

Владимир Зеленскийдің әйелі коронавирус жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін Зеленский адамдарға өз мысалында "бұл оба емес" екенін көрсету үшін коронавирус жұқтырғысы келгенін мәлімдеген болатын. 

«Украина президентінің әйелі Елена Зеленскаяның COVID-19-ға тест нәтижесі оң болды. Елдің бірінші ханымы өзін жақсы сезінеді және ауру белгілері жоқ. Қазір Елена Зеленская амбулаторлық емдеуде, отбасы мүшелерінен оқшауланған. Украина президенті Владимир Зеленский мен балалар да тестілеуден өтті, олардың нәтижесі теріс», – делінген Telegram-дағы Украина басшысы кеңсесінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Баспасөз мәліметтері бойынша, Зеленская жұмыс кездесулері мен тұрмыста да карантин ережелерін сақтаған және денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын қадағалаған, сондай-ақ қауіпсіздік хаттамасындағы талаптарға сәйкес, COVID-19-ға тест тапсырып отырған. Мысалы, маусымның басындағы тест нәтижесі теріс болған.

«Қай жерде және қашан жұқтырғаны әзірге белгісіз, эпидемиологиялық тексеріс жүріп жатыр. Барлық байланыста болған адамға вирус жұқтыру қаупі туралы дереу хабарланды. Оларға оқшауланынуға және мүмкіндігінше тест тапсыру ұсынылады», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Алматы

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

кісі өлімі

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Пәтер

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Жер сілкінісі