Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Владимир Божко жаңа қызметке тағайындалды

Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталығы штабында жаңа лауазымға тағайындалды.

Владимир Божко жаңа қызметке тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2021 жылғы 1 маусымнан бастап Владимир Божко Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы (КӘАҚҚ РОШ) Бақылау кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды», - деп хабарлады КӘАҚҚ РОШ баспасөз қызметінен.

Владимир Божко 1971 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 1976 жылы КСРО МҚК жоғары курстарын бітірген.

Білімі бойынша мамандығы «тау-кен жұмыстарын электрлендіру және автоматтандыру»; «жедел құрам». Бұрын әр жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүйесінде басшылық қызметтерді атқарған. Генерал-лейтенант атағы бар.

2007-2014 жылдары Владимир Божко Төтенше жағдайлар министрлігін басқарды, ал 2016 жылы Мәжіліс Төрағасының орынбасары болып сайланды.

Отан алдындағы ерекше еңбегі үшін І дәрежелі «Барыс», ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен, КСРО, Қазақстан Республикасы мен шет елдердің 43 медалімен марапатталған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА