USD
USD
USD

Владимир Путин Kazinform-ның атқарушы директоры Асқар Жалдиновтың сұрағына жауап берді

Ресей Федерациясының президенті Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы (ПМЭФ) аясында өткен ірі халықаралық ақпараттық агенттіктердің басшыларымен кездесті. 

Путин
Фото: kremlin.ru

Алматы, NEGE. Әңгіме барысында «Казинформ» ХАА-ның атқарушы директоры Асқар Жалдинов сауал қойды:

– Владимир Владимирович, Қазақстан мен Ресейдің көрші мемлекеттер ретіндегі қарым-қатынасының болашағы қандай?

Асқар Джалдинов
Фото: kremlin.ru

«Қасым-Жомарт Кемелұлы, Президент Тоқаевпен үнемі байланыстамыз. Бізде өте мейірімді, сенімді, достық қарым-қатынас қалыптасты», – деді Владимир Путин.

РФ Президенті гуманитарлық саладағы ынтымақтастықтың жақсы деңгейде екенін де атап өтті.

«Шынымды айтсам, біздің қарым-қатынасты қандай да бір жолмен қиындатқан ойды көріп тұрған жоқпын. Қытаймен ынтымақтастық туралы айттық, бізде тауар айналымының 90%-ы ұлттық валюталарға тиесілі. Біздің Қазақстанмен қарым-қатынаста да солай болып жатыр. Ол 100%-ға таяп қалды. Яғни, бізде барлық вектор бойынша өте нәтижелі бірлескен жұмыс жүріп жатыр. Соның ішінде барлық бағыттар бойынша біздің өзара іс-қимылды қолдайтын Президент Тоқаевтың арқасында. Жақында Астанаға барамыз, ШЫҰ саммиті және басқа да іс-шаралар болады. Менің шақыртуым бар, әрине, мен оны қолданамын», - деп түйіндеді Ресей басшысы.

Қазір оқып жатыр

Жаңа оқу жылы: Қазақстан мектептеріндегі өзгерістер қандай?

оқушылар

Атырау облысында 12 мың орындық 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді

Атырау облысы жаңа оқу жылы

Ресей «Байқоңыр» мен әскери полигондарды жалға алғаны үшін Қазақстанға 64,8 млрд теңге төлейді

«Байқоңыр» кешенін жалдау ақысы

Қазақстандықтарға «неке мерзімін ұзарту» туралы жалған хабарлама тарады

хабарлама