«Вконтакте» дефолт алдында тұр. НЕГЕ Meta өркендеп, оның бәсекелесі тұралап қалды?

Ресейлік VK тобының жағдайы мүшкіл. 2024 жылы «Вконтакте» 95 миллиард рубль көлемінде таза шығынға батты. Теңгеге шаққанда бұл – 500 миллиард.
Биыл компанияның кредиттерін төлеуге қаржысы жетпейтін сияқты. Кредиторлармен қарызды қайта құрылымдау бойынша келіссөздер жүргізілетіні анық.

2023 жылы VK кассасында 510,2 миллиард рубль жатса, өткен жылы қаржы көлемі 28,4 миллиард рубльге дейін төмендеген. Екі жыл бұрын да «Вконтакте» шығын әкелген, бірақ ол кезде шығын көлемі 34,2 миллиард рубль төңірегінде болған.
Енді компанияның теріс айналым капиталы 113,5 миллиард рубль болды. Яғни қысқа мерзімді міндеттемелер сомасы айналым активтерінен анағұрлым асып кетіп отыр.

VK тобына негізгі түсімді әлеуметтік желі алып келеді. Одан 104 миллиард рубль келген. Оның ішінде әлеуметтік желідегі онлайн жарнама 96 миллиард рубль түсірген.
Компанияны негізінен қаржылық құралдарды қайта есептеу, амортизация мен жыл сайынғы қарызды төлеуге шығындар «тентіретіп» жіберген сыңайлы.
VK өзін ақтай алмай шығынға ұшырап жатса, кезіндегі бәсекелесі Meta өткен жылы 20 миллиард доллар таза пайда тапты. Бұл – шамамен 10 триллион теңге.