USD
USD
USD

Вице-премьер Өмірзақ Шөкеевтің отставкаға өтініш беруіне қатысты пікір білдірді

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің отставкаға кетуі жөнінде пікір білдірді.

Вице-премьер Өмірзақ Шөкеевтің отставкаға өтініш беруіне қатысты пікір білдірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Өмірзақ Естайұлы тәжірибелі басшы, ұзақ уақыт бойы мемлекеттік қызметтің түрлі құрылымдарын басқарып келді. Оны расында да маңызды саяси тұлға деп атауға болады", – деді Роман Скляр Үкімет кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.

Вице-Премьер Өмірзақ Шөкеевтің қабылдаған шешімін өте дұрыс және заңды деп атады.

"Мемлекеттік қызмет туралы заңда қарамағындағы қызметкердің кінәсі дәлелденген жағдайда тікелей басшының отставкаға кету туралы өтініш беретіні жазылған, оны жоғары тұрған басшы қабылдайды немесе кері қайтарады. Сондықтан Өмірзақ Шөкеевтің әрекеті өте қисынды және дұрыс", – деп түсіндірді Роман Скляр.

Еске салайық, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев отставкаға кету туралы өтініш берді. Бұл ақпаратты өңір әкімдігінің баспасөз қызметі растаған еді. 

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті