USD
USD
USD

Вице-премьер Ерұлан Жамаубаев қанша жалақы алатынын айтты

Премьер-Министрдің орынбасары, Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өзінің екі лауазымында қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вице-премьер Ерұлан Жамаубаев қанша жалақы алатынын айтты
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE.  «Жалақымды Қаржы министрлігінен аламын және вице-премьер ретінде қосымша ақы төленеді. Шамамен жалпы жалақым – 1,5 млн теңге. Ал министр ретінде – шамамен 1,3 млн теңге», - деп жауап берді Ерұлан Жамаубаев Үкімет үйінде тілшілер сұрағына.

Сонымен бірге министр шенеуніктердің декларацияларын жариялау туралы сұраққа да жауап берді.

«Бұл мәселе де жалпы талқыланып жатыр. Біз мемлекеттік қызметшілерміз, біздің жалақымызды жақсы білесіздер. Жыл сайын декларацияны кім тапсырады – әрине, мемлекеттік қызметшілер. Біз жалпыға бірдей декларациялау жолымен келе жатырмыз және 2025 жылға қарай республикамыздың барлық азаматы өздерінің жыл сайынғы декларацияларын жариялайтын, тапсыратын кезге келеміз. Сонда барлығы белгілі болады. Мен де өз декларациямды ұсынуға дайынмын», - деді Е. Жамаубаев.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фарабидегі жол апаты: Алматы полициясы экс-басшысының жүргізушісі сотқа тартылды

сот тыңдауы

Жұмыс күні аяқталғаннан кейін мұғалімдер ата-аналар чатындағы сұрақтарға жауап беруден бас тарта ала ма?

Атаналар чаты

Қаржы сарапшысы: Базалық мөлшерлеме – нарықтағы ақшаның құны

Әсел Әуелбекова

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз