USD
USD
USD

Вице-министр: Төртінші тоқсанда барлық оқушы аралас форматта оқуға көшеді

300-ге дейінгі оқушы саны бар мектептер ІV тоқсанда жұмысын әрі қарай дәстүрлі форматта жалғастырады. Бұл туралы Орталық коммуникциялар қызметінде өткен IV тоқсандағы оқу форматы туралы брифингіде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Вице-министр: Төртінші тоқсанда барлық оқушы аралас форматта оқуға көшеді
Фото: NEGE.kz

Нұр-Сұлтан, NEGE.   «ІІІ тоқсанда қазақстандық мектептерде 2 300 000 (66%) оқушы оқуды дәстүрлі немесе аралас форматта аяқтады. 1 100 000 (34%) оқушы қашықтан оқыды. ІV тоқсанды бастауға қатысты мәселе Үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралып, кеше – 25 наурызда еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысы қабылданды. ІV тоқсанда оқыту форматы өңір тәуекелі төмен немесе орташа аймақтарда болған жағдайда барлық оқушы мектепте аралас форматта оқуға көшеді», - дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова.

Оның айтуынша, 300-ге дейінгі оқушы бар мектептер жұмысын әрі қарай дәстүрлі форматта жалғастырады.

«ІV тоқсан форматына ауысқан кезде 1 оқушы – 1 кабинет принципі сақталып, оқушылардың саны әр сыныпта 25-тен аспауы керек. Бұл мәселе қаулыда қарастырылған. Әр пән әдеттегідей 40 минуттан болады. Оқушылардың білім сапасындағы олқылықтарды толтыру бойынша жұмыс та жалғасады. Науқастанып қалған немесе науқастармен байланыста болған кейбір ерекше жағдайда ата-ананың өтініші негізінде бала қашықтан оқу форматында қала алады», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

FlyArystan әуе билеттерін 20% жеңілдікпен сатып алуға болады

FlyArystan

Қаңтар оқиғасынан кейін 4 жыл өтсе де қару-жарақ әлі табылып жатыр

қару-жарақ

«Қазмырыш» зауыты аумағындағы өрт толығымен сөндірілді

Өскемендегі жарылыс

Панда-бонд арзан ақша ма, әлде жасырын тәуекел ме?

панда