USD
USD
USD

Вице-министр Рүстем Айдарбекұлының күдікке ілінгені рас па?

Қазақстанның білім және ғылым вице-министрі 5 млрд теңге жымқырған деген күдікке ілінген. Бұл туралы тергеу орындарына жақын дереккөзіне сүйеніп ҚазТАГ хабарлады.

Вице-министр Рүстем Айдарбекұлының күдікке ілінгені рас па?
Фото: NEGE.kz

21 шілде күні жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев цифрлы даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен білім және ғылым министрлігіндегі жоғарғы шенді шенеуніктердің үстінен екі қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген еді. Алайда олардың аты-жөндерін ашып айтпаған болатын.

Министрдің нақты қай орынбасары күдікке ілінгені туралы ресми ақпарат көрсетілген жоқ. Дегенмен, Nege.kz редакциясының тергеу орындарына жақын дереккөзі ол күдіктінің есімін атаған болатын. Оның мәліметінше, ірі көлемде қаржы жымқырды деген айып тағылған адам Биғари Рүстем Айдарбекұлы болуы мүмкін.

Бұл туралы сайтымызда жариялап, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен, ҚР Білім және ғылым министрлігінен осы ақпаратты ресми түрде растауды немесе жоққа шығаруды жария түрде сұраған болатынбыз.

Алайда, ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі деректі растаған жоқ, жоққа да шығармады. "Біз тергеу органы емеспіз, антикорға хабарласыңыз" деген "ақыл" айтты баспасөз хатшысы. Дегенмен де Биғари Рүстем Айдарбекұлының қазір жұмыс орнында екенін ескертті.

Баспасөз хатшысының "ақылын" ескеріп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне де телефон шалдық.

Ондағылар «Биғари Рүстем Айдарбекұлы 5 млрд теңге жымқырды» деген дерекке ешқандай түсініктеме бермейтінін айтты. Сондай-ақ, біздің қолымыздағы ақпаратты жоққа да шығармады.

Білім және ғылым министрлігінің шенділері бұған дейін де жемқорлыққа қатысты істі болған еді. Арада көп уақыт өтпесе де жемқорлыққа қатысты айыптар тағы да тағылып жатыр. Дегенмен, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде көпшіліктің қолдауына ие. Алайда орынбасарының істі болғанына қатысты министрдің өзі әзірге ештеңе айтпады.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылы бұрынғы министрдің орынбасары Эльмира Суханбердиева лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдаланды, пара алды, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысты деген күдікке ілінген болатын. Сондай-ақ министрлікке қарасты ұлттық тестілеу орталығының басшылары парамен ұсталған еді. Нәтижесінде, Күләш Шәмшидинова білім және ғылым министрі болып төрт айдай ғана жұмыс істеп, орнын Асхат Аймағамбетовке босатып бергені мәлім.

Қазір оқып жатыр

Қызылорда облысында су және кәріз тарифтері 25%-ға дейін төмендеді

Су

Қазақстандық қыздарды Ресейдегі дрон шығаратын зауытқа жұмысқа тартуда – БАҚ

Дрон

Алматыда бітіру кешіне 200 мың теңгеден жинаған: мектеп директоры жазаланды

кісі өлімі

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

.