Вице-министр Сапарбеков қазақстандық костюмінің бағасын айтты
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков отандық өндірісті қолдау туралы сөз қозғап, өзі киіп келген костюмнің Қазақстанда тігілгенін айтты.
Астана, NEGE. Сапарбековтың сөзінше, костюмы Қазақстанда тігілгенімен, матасы шетелден импортталған. Себебі Қазақстанда мақта-мата өндірісі жолға қойылғанымен, аралас және жүн маталары әзірге өндірілмейді.
«Қазір үстімдегі костюмді жүз пайыз қазақстандық өнім деп айтсам, сіздерді жаңылыстырған боламын. Матасы импорттық, бірақ Қазақстанда тігілген», – деді вице-министр Үкімет брифингінде.
Оның айтуынша, өзі киіп келген костюмінің бағасы шамамен 100 мың теңге. Ал аяқ киімі шетелде өндірілген.
Сондай-ақ журналистер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры басқармасының төрағасы Фархат Сарсекевтен де отандық өнімдерді қалай қолдайтынына қызықты.
Қор басқармасының сөзінше, ол брифингке 40 мың теңгелік Қазақстанда шығарылған галстук тағып келген. Сонымен қатар, аяқ киімі Қарағандыда өндірілген отандық өнім. Оның бағасы шамамен 60 мың теңге.
Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында отандық өндірісті дамыту және қолдау мәселесі қаралды.
Жиында премьер-министр Олжас Бектенов әкімдер мен министрлерге мемлекеттен қаржы алатын компания да, сатып алынатын тауарлар да қазақстандық болуы керегін еске салды.