USD
USD
USD

Вице-министр: Барлық өңір жылыту маусымына дайын

Барлық өңір алдағы жылыту маусымына дайын. Төтенше жағдайлар болмайды. Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов осындай мәлімдеме жасады.

Жылу
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Ол соңғы үш жылда біршама жұмыс атқарылғанын жеткізді. Оның сөзінше, жылу-электр орталықтарын жөндеу жұмыстарының сапасы артып, жұмысшылардың жалақысы өскен. Тиісті тексеріс жүргізілген. Вице-министр бұл тариф бағасының өсуі есебінен іске асырылған шаралар екенін жасырмады. Сондай-ақ ол үш жыл бұрын Екібастұзда және Риддерде болған оқыс жағдайларды еске салды және ондай жағдай алдағы уақытта қайталанбайды деп сендірді.

Сұңғат Есімханов, Энергетика вице-министрі:

Екібастұз есте қалды. Оны ұмытуға 5-6 жыл керек шығар. Бірақ Екібастұз қаласында нақты 10 қазандықтың бәрі толық дайын. 5-6 қазандық та жетеді. Барлық қаланың жылу орталғы толық дайын. Ал резервтік түрдегі қазандықтар, трубиналардың кесте бойынша қазан, қараша айларында да жөндеу жұмыстары жалғаса береді.

Жалпы, тозығы жеткен коммуналдық желілерді жаңғыртуға 13 трлн теңге керек. Бұл қаражатқа шамамен 86 мың шақырым желі қалыпқа келтірілмек. Сонымен қатар бүгін Энергетика және коммуналдық секторды жаңғыртуға арналған ұлттық жобаны жүзеге асыру кезеңі басталғаны хабарланды. Ол алдағы 4 жылға жоспарланған.

Қанат Бозымбаев, Премьер-министрдің орынбасары:

Біздің есеп бойынша, Ұлттық жобаны жүзеге асыру үшін бес және одан да көп жылға 13 трлн теңгеден астам инвестиция тарту қажет. Бұл қаражат 86 мың шақырым коммуналдық желілерді жөндеуге және салуға, сондай-ақ жалпы қуаты 7,3 ГВт болатын қосымша генерация көздерін іске қосуға бағытталады.

Қазір оқып жатыр

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр

Жолаушылар пойызы

АҚШ грин-карта беру тәртібін қатаңдатты

грин-карта

27 мамырда Қазақстанға Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді

Тоқаев, Путин

Қазақстанда дизель отынына цифрлық бақылау және таңбалау жүйесі енгізілді

Дизель отыны