USD
USD
USD

Вице-министр: Астанада жылу қызметіне тариф өскен жоқ

Жылу құны елордада 1 гигакалория бойынша бекітіледі, ал оны қайта қарау туралы шешім әзірге қабылданбаған.

коммуналка
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Астанада табиғи монополия субъектілеріне қатысты мораторий алынғанымен, жылу тарифі өзгерген жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді.

Әлеуметтік желіде коммуналдық төлемдердің артқаны туралы шағым көбейгеніне қарамастан, ресми тариф бұрынғы деңгейінде қалды деп сендірді. Сондай-ақ, вице-министр төлемнің ұлғаюын ауа райының күрт суытуымен байланыстырды. Суық күндері жылу қызметін тұтыну артады.

Бұдан бөлек, есептеу құралдарының көрсеткіштері де төлем сомасына әсер етуі мүмкін екенін айтты.

«Кейбір үйлерде есеп құралдарының көрсеткіштері берілмесе немесе қаралмаса, орташа есеппен есептелуі мүмкін. Тарифтің өспегені – нақты көрсеткіш. Сіз де, біз де тұтынушымыз. Осы жайттарды естіген соң үйден сұрап едік – тариф өскен жоқ. Әйтсе де әріптестерге бұл сұрақты айтайын», – деді Есімханов.

Сондай-ақ, ол тарифтік саясат мәселесі негізінен Ұлттық экономика министрлігінің құзыретіне жататынын атап өтті. Ал күн жылынған сайын жылу тұтыну азайып, төлем көлемі де төмендеуі тиіс екенін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Бензин, дизель

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

кілт

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Лазер

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты

Өрт