USD
USD
USD

Вирустың жаңа штамы Германияның үш ауданында анықталған

Неміс саясаткерлері коронавирустың мутацияға ұшыраған жаңа түрі ел аумағында тарай бастаса шекараның жабылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вирустың жаңа штамы Германияның үш ауданында анықталған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Бүгінде вирустың жаңа штамы Германияның 3 ауданында анықталған. Науқастардың нақты саны әзірге белгісіз. Осыған орай жергілікті билік аймақтағы карантин талаптарын күшейтті.

Айта кетейік, шектеу шараларының арқасында Германияда індеттің таралуы бәсеңдей бастады. Қазір 100 мың адамға шаққанда орта есеппен 119 адам ауру жұқтырады. Сонда да медициналық мекемелерде науқастардың қарасы қалың. Мысалы Бремен, Гамбург пен Берлин ауруханаларындағы жансақтау бөлімдері 90%-ке толық. Билік өкілдері халықты карантин талаптарын сақтауға шақырады.

Естеріңізге салайық, Германиядағы қатаң локдаун ақпанның 14-іне дейін жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия