USD
USD
USD

Вирустың жаңа штамы әлемдік экономикаға әсер етті

Жұма күні жаңа вирус түрі туралы жаңалық әлемдік биржадағы мұнай бағасының 12%-ға төмендеуіне әкеліп соқты.

Вирустың жаңа штамы әлемдік экономикаға әсер етті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл соңғы бір жарым жылдағы ең үлкен құлдырау, деп хабарлайды ВВС. 

Энергетикалық дағдарыстың жалғасуына қарамастан, инвесторлар пандемияның жаңа толқыны адамдардың қозғалысын айтарлықтай шектеп, отынға деген сұранысты төмендетіп, жалпы экономикалық өсуді баяулатады деп үрейленіп отыр.

Соған қарамастан, алтын қымбаттап жатыр. Егер отынға сұраныс төмендей берсе, әлемдік экономиканы қалпына келтіру одан да ұзақ және күрделі болады.

Әсіресе, әуе компаниялары мен туристік кәсіпорындардың акциялары 10-15%-ға төмендеді.

Бірақ ДДСҰ өкілдері барлық елдерді дүрбелең тудырмауға және жаңа шектеулер енгізуге асықпауға шақырып жатыр. Нью-Йорк биржасындағы Dow Jones индексі бір күнде 2,5%-ға төмендеді.

Қазір оқып жатыр

«Самұрық-Қазынаны» тарату жаңа проблемалар туғызуы мүмкін – Болат Жәмішев

Болат Жәмішев

Ресей елшілігінің наразылығынан кейін Тараздағы қираған стела қалпына келтірілді

Таразда қалпына келтірілген стела

Тоқаев Үкіметке агросақтандыру жүйесін жетілдіруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Олжас Құспеков: Университеттер өндіріс сұранысына бейімделуі керек

Олжас Құспеков