USD
USD
USD

Вирустың бесінші толқыны: Жаңа шектеулер енгізіліп жатыр

Дүйсенбіден бастап Францияда ауру жұқтырған жағдайда немесе COVID-19 жұқтырушымен байланыс болған жағдайда оқшаулаудың ережелері өзгертілді, деп хабарлайды Еuronews.

Вирустың бесінші толқыны: Жаңа шектеулер енгізіліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Енді коронавирус жұқтырған жағдайда міндетті карантин мерзімі толық вакцина алған адамдар үшін 7 күнге дейін қысқарады.

Егер 5 күннен кейін тест теріс нәтиже көрсетсе, онда өзін-өзі оқшаулау шарасы тоқтатылады. Ауру жұқтырғандармен байланыс болса екпе алғандар карантиннен босатылады. Вакцина алмағандар үшін – ауру жұқтырып алса өзін-өзі оқшаулау 10 күнге, байланыс болса – 7 күнге жалғасады.

Алайда, биліктің басқа шешімін ата-аналар түсінбей отыр. Енді 6 жастан асқан балалар қоғамдық орындарда маска тағуы керек. Жаңа шектеулер мұнымен біткен жоқ.

Дүйсенбіден бастап компания қызметкерлері қашықтан жұмыс істеуге көшеді. Жаппай іс-шараларды жабық ғимаратта 2 мың адамға, ашық жерде 5 мың адамға өткізіледі. Адамдар тұрып тұратын концерттер тоқтатылды.

Мейрамханаларда, барлар мен кафелерде тек отырып тамақ ішу керек, билеуге рұқсат жоқ. Түнгі клубтар 24 қаңтарға дейін жабылды. Жаңа шектеулерге қарамастан, Францияның денсаулық сақтау министрі Оливье Веран «елде COVID-19 бесінші толқыны соңғысы» деп есептейді.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич