Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Вирустан сырқаттану 0,5 пайызға азайды

Қазақстанда қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен бастап, коронавируспен сыртқаттанушылықтың тәуліктік өсімі 0,5 пайызға дейін төмендеді. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова айтты. 

Вирустан сырқаттану 0,5 пайызға азайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазіргі кезде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтану үрдісі байқалуда. Биылғы 14 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда ПТР оң нәтиже көрсеткен коронавирус инфекциясының 101 848 жағдайы тіркелді», – деді ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде.

Осы орайда А.Есмағамбетова бір тәулікте 476 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болғанын айтты.

Сонымен қатар, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 934 жағдайы тіркелді.

«Қатаң шектеу шаралары енгізілгеннен бастап сыртқаттанушылықтың тәуліктік өсімі 0,5 пайызға дейін төмендеді. Тіркелген Covid-19 жағдайларының жалпы санының 77 пайыздан астамы емделіп, күнделікті өмірге оралды», – деді ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері.

Қазір оқып жатыр

Министрлік мектеп формасына қойылатын жаңа талаптарды түсіндірді

оқушылар

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы