Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Вирустан қайтыс болғандар саны күрт артты

Еуропа – COVID-19 жұқтырғандардың жаңа жағдайы мен аурудан қайтыс болғандардың саны артып жатқан әлемнің жалғыз бөлігі, – деп Еуропалық аурулардың алдын алу және бақылау орталығы хабар таратты.

Вирустан қайтыс болғандар саны күрт артты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Орталық мәліметінше, 18-24 қазан аралығында әлемде COVID-19 жұқтырғандар 4 пайызға артқаны анықталды. Сонымен қатар, жаңа деректің жартысынан көбі (57 пайызы) еуропалық аймақта тіркелген. Еуропа өткен аптамен салыстырғанда жұқтырғандар саны артқан әлемнің жалғыз бөлігі болды.

Кейінгі жеті күнде Еуропада вирустың салдарынан болған өлім-жітімнің 14 пайызға артқаны тіркелді, бұл - шамамен 21 мың өлім. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, аймақта аурудың күрт өсуінің себебі екпе салдыртудың төмен деңгейімен байланысты, соның ішінде Румыния, Болгария, Словения және Украина сияқты елдер кейінгі аптада коронавирус инфекциясы мен өлім-жітімнің рекордтық көрсеткіші болғанын мәлімдеді.

Басқа аймақтарда апта сайынғы COVID-19 жағдайларының төмендеуі тіркелді, Африка аймағында 21 пайызға және Тынық мұхитының батысында 17 пайызға төмендеді.

Бір апта ішінде әлемде 2,9 миллионнан астам COVID-19 жұқтырғандар анықталды.

Бұған дейін Кох институты Еуропада коронавирустың үшінші толқыны болуы мүмкін екенін ескерткен.

Қазір оқып жатыр

Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті атанды

Қуат Хамитов

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: МБИ басшысына қандай айып тағылды?

Мемлекеттік айыптаушылар

Шымкентте шілде айында 111 жыл бұрынғы рекорд тіркелді

аптап ыстық

Pierre Cardin, Federico Barrazzo моделі Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүр

Шыңғыс Таңатпаев