USD
USD
USD

Вируспен күреске қанша млрд жұмсалды?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов COVID-19 індетімен күреске қанша қаражат жұмсалғанын айтты.

Вируспен күреске қанша млрд жұмсалды?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстандықтар коронавирус инфекциясы мен пневмония кезінде медициналық көмекті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорындағы мәртебесіне қарамастан тегін алады. Қор бірінші тоқсанда коронавируспен және пневмониямен күрес бойынша іс-шараларды қаржыландыруға 71,6 млрд теңге бағыттады. Оның ішінде: медицина қызметкерлеріне үстемеақылар – 42,4 млрд теңге, медициналық көмекке және КВИ таралуын болдырмау қызметтеріне – 15,6 млрд теңге бөлді. Карантиндік және инфекциялық стационарларда 95 мыңнан астам адам емделді», – деді қор басшысы.

Қордың басқарма төрағасы ұсынған мәліметке сүйенсек, ПТР-диагностика қызметіне – 10,3 млрд теңге, мобильді бригадалар құрып, жабдықтауға – 3 млрд теңге, үйдегі стационарлар қызметіне – 33,3 млн теңге жұмсалған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтар бензин сапасына 92 рет шағымданған: көш басында қай қала?

бензин сапасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында төтенше жағдайлар кезінде 100 тоннадан астам газ жағылған

Атырау мұнай өңдеу зауыты

Мешітте балаларды ұрған ұстазға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Мешіт ұстазы

Көршісі ұрып, кейін өзі арыз жазған: әнші BikaBreezy ақталды

Bikabreezy