USD
USD
USD

Вируспен ауырғанын біле тұрып маскасыз жүргендер қылмыстық жауапқа тартылады

Қоғамдық орындарда санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Босаңсуға болмайды.

Вируспен ауырғанын біле тұрып маскасыз жүргендер қылмыстық жауапқа тартылады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Себебі коронавирусты жұқтырғандардың кейбірінде ауру белгілері байқалмайды. Бірақ ол тасымалдаушы болуы мүмкін. Сондықтан ауырғанын біле тұра маскасыз жүргендер қылмыстық жауапқа тартылады. Елорда полициясы тұрғындарға осындай ескерту жасады. Бүгінде шаһарда дезинфекция жұмыстары жалғасып жатыр. Жүргінші жолдары мен аялдамалар және басқа да қоғамдық орындарға арнайы сұйықтық себілді.

Қоспаның адамдар мен жануарлардың денсаулығына зияны жоқ. Қалада індет жұқтыру дерегі тоқтамайынша дезинфекциялау жалғаса береді. Айта кетейік, кеше коронавирус белгілері мүлде байқалмайтын, бірақ індетті тасымалдаушы 357 адам жаңадан анықталды. Оның 75-сі Шымкент қаласында, Батыс Қазақстан облысында 57, елордада 43 дерек тіркелді. Жалпы республика бойынша коронавирус белгілері байқалмайтын 1044 тасмалдаушы анықталдыған.

Қазір оқып жатыр

Санжар Боқаев 10 жылға сотталды

бокаев

Ақтөбеде қайтарылған активтер есебінен салынған 300 орындық арнайы балабақша ашылды

Ақтөбе

Семейде жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әке өмір бойына сотталды

сотталған

Күйеуінің қолынан ажал құшқан астаналық тұрғынның анасы соттың ашық өтуін талап етті

Жазира Адауова