USD
USD
USD

Вирусолог коронавирустың қауіпті салдарын айтты

Коронавирус инфекциясы жұқтырып, ауырған науқастың өкпесі қабынып, қайтадан қалыпқа келуіне біраз уақыт қажет болуы мүмкін.

Вирусолог коронавирустың қауіпті салдарын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры, вирусолог Алексей Аграновский айтты, – деп хабарлайды Lenta.ru.  

«Өкпе айтарлықтай қабынса, адам ұзақ уақыт бойы демігіп, басқа да әсерлер пайда болуы мүмкін (оттегінің жетіспеуі)», – деді вирусолог.  Аграновский коронавирустың дем алу жүйесіне әсер етуі қайтымды болуы мүмкін екенін айтады. Сонымен қатар, сарапшы вирустың жүйке тіндері мен басқа да органдарға әсер етуіне алаңдап отыр. Бірақ ол қосымша ақпараттарды растап алу керегін айтады. 

«Көп нәрсе туралы жазылды. Темекінің қорабындағыдай – импотенция, алапес, тағысын тағы. Қазір де көрінген нәрсені айтуға болады, бірақ мен оның бәрі расталғанын күтер едім», – дейді профессор. 

Қазір оқып жатыр

Тағдыр тауқыметін тартқан жүз әйел көлік жүргізуді тегін үйреніп шықты

Көлік апаты

«Қазатомөнеркәсіп» акциялары 4%-дан астам құлады: сарапшылар не дейді?

Қазатомөнеркәсіп

«Ғаламат ғасыр» жұлдызы мен Түркияның өзге де танымал тұлғалары есірткі ісі бойынша ұсталды

Дениз Чакыр

«Таңғы 7:00-де жұмысқа келсін»: Қырғыз депутаты Бішкектегі кептелісті азайтудың жолын ұсынды

уақыт