USD
USD
USD

Вирусқа шалдыққандарға дене жаттығуы пайдалы ма?

Дәрігерлер коронавируспен ауырған кезде дене шынықтырумен айналыспауға кеңес береді. Бұл туралы Астана медицина университеті Балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, инфекционист-дәрігер Баян Тұрдалина айтты. 

Вирусқа шалдыққандарға дене жаттығуы пайдалы ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сау иммунитет кез келген жұқпалы процестің жеңіл немесе симптомсыз өтуіне әсер етуі мүмкін. Коронавируспен ауырмаймын деп дене шынықтырумен қарқынды айналысу, яғни ағзаға артық жүктеме түсіру де дұрыс емес. Олардың барлығы нормаға сай, біркелкі болуы тиіс. Әрине, иммунитет жақсы болуы үшін жүгіру, жүру, дене шынықтырумен айналысу керек», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, аурудың жұқпалы процесі жедел кезеңде болса, онда дене шынықтырумен, жаттығулармен айналысуға кеңес берілмейді.

«Психико-эмоционалды тыныштықты сақтау қажет. Әрине, нормаланған жүктеме болу керек. Бірақ, дәрігерлер аурудың жедел кезеңінде дене шынықтырумен айналысуға кеңес бермейді», – деді Баян Тұрдалина.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

.

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

.

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Дональд Трамп

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Наурыз мейрамы