Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Вирусқа қарсы вакцина алғандар саны 7 миллиардтан асты

Әлем бойынша коронавирусқа қарсы вакциналанғандар саны 7 миллиардтан асты. Олардың жартысынан көбі үш елде: Қытайда (2,3 млрд), Үндістанда (1,1 млрд) және АҚШ-та (0,4 млрд) салынды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Вирусқа қарсы вакцина алғандар саны 7 миллиардтан асты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазіргі уақытта адамдарға COVID-19-ға қарсы вакциналардың 7,001 млрд дозасы салынған. Бүтін ғаламарда вакцинацияның толық курсынан қанша адам өткенін анықтау әлі де мүмкін емес.

Өйткені көптеген ел тек ковид вакциналарының сертификатталған дозаларының саны мен жасалған екпелердің саны туралы ғана хабарлайды.

БАӘ мен Мальтада тұрғындардың 90% астамы екпе салдырған. Португалия, Куба, Чили, Исландия, Камбоджа, Катар, Испания, Сингапур, Бруней және Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттерде халықтың 80% астамы кемінде бір компонентпен егілген.

Ресейде, коронавируспен күрес жөніндегі федералды жедел штабтың мәліметтері бойынша, 50,9 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсынан өткен, ал алғашқы компонентпен 56,8 миллион адам егілген.

Қазір оқып жатыр

Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті атанды

Қуат Хамитов

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: МБИ басшысына қандай айып тағылды?

Мемлекеттік айыптаушылар

Шымкентте шілде айында 111 жыл бұрынғы рекорд тіркелді

аптап ыстық

Pierre Cardin, Federico Barrazzo моделі Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүр

Шыңғыс Таңатпаев