USD
USD
USD

Вирус жұқтырғандар дәм мен иіс сезу қабілетін жоғалтады. Неге?

АҚШ ғалымдары коронавирус жұқтырды деп күдікке ілінгендердің иіс сезу қабілеті неге жоғалатынын түсіндірді. Мұны Гарвард университетінің медициналық мектебінің ғалымдары анықтапты.

Вирус жұқтырғандар дәм мен иіс сезу қабілетін жоғалтады. Неге?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Американың оториноларингология академиясының ғалымдары мен британияның оториноларинголог дәрігерлер қауымдастығы COVID-19 вирусын жұқтырған кезде адамның иіс және дәм сезу қабілеті жоғалатынын анықтаған. Бұл осы ауруға тән белгі екен. 20 наурызда неміс вирусологы Хендрик Штреек осы туралы айтыпты.

Алайда дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аурудың бұл белгісін нақты мойындай алмайтынын хабарлап отыр. Алайда мұндай белгі коронавирус жұқтырған науқастардың басым бөлігінде кездескен.  Оның арасында америкалық баскетболшы Руди Гобер де бар.

Адам, маймыл және жарқанаттың геномын зерттеу барысында олардың мұрын қуысындағы белгі бір жасушалардың вирустан ақуыздарды жасыратыны белгілі болған. Ғалымдар бұл жасушылардың зақымдануы COVID-19 вирусының таралуына жол ашады деген пікірде. Салдарынан иіс сезу қабілетінің жоғалуы сынды аурудың белгісі байқалады.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда жалғызбасты ана жол апатынан қаза тапты: күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

жол апаты

Шыментте екі колледжде 1,3 млрд теңге жымқыру ісі: күдіктінің Дубайдағы пәтері бұғатталды

қаржы жымқыру

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

.

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

.