Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Вирус жұқтырған медицина мамандарына өтемақы төленді

Қазақстанда коронавирус жұқтырып, қайтыс болған 71 медицина қызметкерінің туған-туыстарынан өтемақыға байланысты өтініш түсті.

Вирус жұқтырған медицина мамандарына өтемақы төленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен хабарластық. Ол министрлікке Денсаулық сақтау министрлігінен өтінім берген дәрігерлердің тізімі түседі. Бүгінгі күннің өзінде 123 дәрігердің өтініші қанағаттандырылды. 123 адамның 120-сы өтемақыны толықтай алды. Ал қайтыс болған медициналық қызметкерлерге қатысты айтар болсам, 71 өтініш келіп түскен. Ол азаматтардың тізімін Денсаулық сақтау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне жолдады. Жақын күндері олар (қайтыс болған медициналық қызметкерлердің туған-туыстары) қаражатты алатын болады», – деді Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов.

Үкімет басшысының орынбасары өтініш түскен күннен бастап уақыт оздырмай өтемақыны бірден беру мәселесі шешіліп жатқанын мәлім етті.

«71 адамға байланысты қазір ұсыныс жіберілді», – деп қайталады жауабын Ералы Тоғжанов.

Қазір оқып жатыр

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс сотқа жолданды

Ұлдана Мырзуан

Абай облысы аумағындағы орманды өрттен қорғауға 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Семей орманы

Футболдан ұлттық құраманы Грекия мен Арменияның бұрынғы бас бапкері басқаруы мүмкін

Джон ван ’т Шкип

Абай облысында бұрынғы жұбайын таяқпен ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты

блогер соты