24 Тамыз 12:38

Вирус жұқтырған батырды НЕГЕ бір апта бойы емдемеді?

Фото:

Бүгін журналист Жұмабике Жүнісова Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіровтің КОВИД-19 жұқтырғанын, батырдың жеті күн бойы үйінде ауырып жатқанын, оған ешқандай көмек көрсетілмегенін хабарлады.

«Жеті күннен бері ауырып жатыр екен. Президенттің іс басқаруындағы емханаға тіркелген. Осы уақыт аралығында дәрігерлер тек сараптамаға қан алыпты.

«Мен қазір үйімдемін. Ештеңе жазып берген жоқ. Ең болмаса қалай және немен емделу керек екенін айтса ғой! Ештеңе айтпайды. Сұрақтарымның ешбіріне түсінікті жауап ала алмадым. Тек бүгін баспасөз мәслихатын өткізетінімді ескерткен соң ғана бірден әрекетке көшті. Міне, қазір маған жедел жәрдем шығыпты. Қазір әлдебір ковид орталыққа апарады», – деп хабарлады маған Тоқтар.

Осы постты жазып болғанымша жедел жәрдем Тоқтар Оңғарбайұлының үйіне келді», – деп жазды Ж.Жүнісова.

Елбасы Н.Назарбаев ғарышкерлермен.

Әзірге Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіровті қай ауруханаға апарғаны, денсаулығы қандай екені белгісіз.

Естеріңізге салайық, Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров – қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер. Совет одағының батыры (1988), ҚР Халық қаһарманы (1995).

Тегтер: