USD
USD
USD

Вирус жұқтырған балалар көбейіп жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған балалар саны күрт көбейді. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты.

Вирус жұқтырған балалар көбейіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Спикердің айтуынша, Алматыда эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Жаңа штамдардың контагиозы жоғары. Алдыңғы базалық штаммен салыстырғанда жаңа штамдардың жұқтыру көрсеткіші 70%-ға дейін жоғары. Яғни, бұл инфекция – өте жұқпалы.

«Соңғы аптада балалар арасында індетті жұқтыру күрт өсті. Мысалы, 14 жасқа дейінгі науқас балалардың саны 7%-дан 11%-ға дейін ұлғайды. Сондай-ақ, бір жасқа дейінгі балалар арасында вирус жұқтыру өскенін байқап отырмыз. 1 наурызда 10 жағдай тіркелсе, қазір 55 жағдайға дейін жетіп отыр. Өзге жастағы адамдар арасында вирус жұқтыру бұрынғыдай қалыпта»,- дейді Әсел Қалықова.

Сондай-ақ, ол отбасы мүшелері арасында вирус жұқтыру оқиғасы да артқанын жеткізді.

«Вирусты отбасы мүшелерінен жұқтыру оқиғасы 34 пайызға артқан. Ал сауда орындарында вирус жұқтыру жағдайы керісінше 22 пайызға дейін азайған. Оған демалыс күндері сауда-саттық орындары мен базарлар жұмысының тоқтатылуы ықпал етті. Дегенмен аула ішіндегі дүкендерде вирус жұқтыру әлі де жоғары деңгейде», - дейді ол.

Алматы қаласы «қызыл» аймақта. Эпидемия басталғалы қалада 33 012 науқас вирус жұқтырған.

 

Қазір оқып жатыр

Алматыда аса ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Қылмыстық топ

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.