USD
USD
USD

Вирус жұқтырған 60 бала ауруханада жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 1451 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті.

Вирус жұқтырған 60 бала ауруханада жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 11 қазан күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 238 адам коронавирус жұқтырған.

Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 223, симптомсыз – 15 науқас тіркелді.

Барлық емделіп шыққандар – 25, келіп түскені – 99 «Инфекциялық стационарларда 1 451 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –3 179), оның ішінде 60 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 150 адам жатыр. Ал 24 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 79 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

High flow-да 29 аппарат жұмыс істейді. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 3 091 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 2958 науқас. 133 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы