USD
USD
USD

Вирус жұқтырған 53 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Алматыда коронавирус жұқтырған 458 науқас ем қабылдап жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасынан мәлім етті.

Вирус жұқтырған 53 науқас жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: NEGE.kz

АЛматы, NEGE. «23 қараша күнгі ақпарат бойынша, бір тәулікте қалада 123 адам коронавирус жұқтырған. Мұның ішінде симптомды, жеңіл және орташа деңгейдегі белгілермен – 111, симптомсыз – 12 науқас тіркелді. Барлық емделіп шыққандар – 44, келіп түскені – 52 «Инфекциялық стационарларда 458 адам бар (төсек-орынның жалпы саны –1774), оның ішінде 24 бала емделуде», – деп нақтылады Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде 51 адам жатыр. Ал 14 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 29 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 8 аппарат жұмыс істейді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 976 пациент бар. Оның ішінде індет белгілері бар, орташа ауыр жағдайда – 930 науқас. 46 адамда коронавирус белгілері жоқ.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран