USD
USD
USD

Вирус жұқтырған 51 жүкті әйел емделіп жатыр

Ақтөбе облысында 51 жүкті әйел коронавирус инфекциясына шалдығуына байланысты ауруханаларда ем алып жатыр. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров айтты.

Вирус жұқтырған 51 жүкті әйел емделіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Осы жылдың 24 қыркүйегіндегі мәліметке сәйкес, өткен тәулікте КВИ-дің 137, оның ішінде өкпе қабуының 9 жағдайы анықталды. Жалпы, пандемия басталғаннан бері облыста 32 130 ресми расталған жағдай тіркелді. Оның ішінде өкпе қабынуы – 3 447. Бүгінде 29 605 науқас жазылып шықты. Өкінішке қарай, пандемия басталғаннан бері 529 адам қайтыс болды. Қазіргі таңда инфекциялық ауруханаларда 658 адам, оның ішінде жансақтау бөлімшесінде 84 науқас ем алуда. Карантиндік станционарда 4 адам жатыр. Бүгінде ауруханаларда ем алып жатқан жүкті әйелдер саны – 51. Оның ішінде реанимацияда 9 адам бар. Сонымен қатар 62 жүкті әйел үйден емделуде», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Өңір басшысы бірінші орынбасарының дерегінше, 2021 жылдың 1-23 қыркүйегі аралығында облыс бойынша мектеп жасындағы балалар арасында коронавирус инфекциясының 489 жағдайы тіркелген. Оның ішінде Ақтөбе қаласында - 362, облыс аудандарында 127 бала ауырып жатыр.

«Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясы анықталған 123 мектепте 473 сынып қашықтан оқу форматына көшіріліп, үй карантиніне оқшауланды. Облыста карантинге жабылған ауысымдар мен мектептер жоқ. Осы жылдың 1-23 қыркүйегі аралығында педагогтар арасында КВИ-дің 53 жағдайы тіркелді. Облыста мұғалімдер мен оқушылар арасында КВИ бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі. Сонымен бірге барлық білім беру нысандарында санитарлық нормаларды сақтау бойынша қатаң талап сақталады», - деді Руслан Хамбаров.

Қазір оқып жатыр

Францияда қытайлық маркетплейстердегі тауарлардың 46%-ы қауіпті деп танылды: БАҚ Temu мен Shein-нен күдіктенеді

Temu

Қарағанды облысында 42,5 млрд теңгеге фармацевтикалық зауыт салынады

Фармацевтикалық зауыт

ШҚО-да 11 елді мекенге сел қаупі төніп тұрғаны хабарланды

Сел

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

.