USD
USD
USD

Вирус Үндістан мен Филиппинге жетті

Бейсенбі күні Үндістан мен Филиппин үкіметтері жаңа коронавирус дертіне шалдыққан алғашқы науқастардың тіркелгенін мәлімдеді

Вирус Үндістан мен Филиппинге жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы,NEGE. СNN арнасының хабарлауынша, Филиппинде ауырған адам 38 жастағы қытай әйел екен, ол 21-қаңтарда Ухань қаласынан келген. Елдің денсаулық сақтау министрлігі қазір науқастың ауруханада жатқанын және қазір ауру белгілерінің кеткенін хабарлады. 

Ал Үндістанда жаңа вирусты Керала штатының тұрғыны жұқтырған. Үнді билігі  өзгелерден оқшауланған науқастың қазіргі жағдайы қалыпты екенін айтады. Жергілікті ақпарат құралдары ауру жұқтырған адам Ухань қаласындағы университеттің бірінің студенті екенін хабарлауда. 

Қазір оқып жатыр

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот