USD
USD
USD

«Вирус себіледі» деп жалған ақпарат таратқан әйел анықталды

Түркістан облысының полицейлері “Сарыағашта вирус себіледі” деп жалған ақпарат таратқан әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Вирус себіледі» деп жалған ақпарат таратқан әйел анықталды
Фото: NEGE.kz

Aлматы. NEGE. Естеріңізде болса, әлеуметтік желіде “Түнгі сағат 2 мен 3 арасында Сарыағашта балаларды ауыртатын вирус себіледі екен, балаларды көшеге шығармасын деп жатыр” деген қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың қоғамның заңмен қорғалатын заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін тудыратын хабарлама таралған болатын. Бұл жалған ақпаратты таратқан әйелді анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде осы ақпаратты таратып, елді дүрліктірген әйел анықталды. Ол Сарыағаш қаласының тұрғыны болып шықты. Тексеру барысында анықталғандай, әйел бұл хабарламаны тек туыстарының көшеге шықпай отырулары үшін жазып, келініне “WhatsApp” арқылы жолдаған. Аталған жайт Сарыағаш АПБ-мен ҚР ҚК-нің 274-бабымен тіркелді. Осы орайда полицейлер Түркістан облысының тұрғындарына осындай мәтінде жарияланған ақпараттарға сенбеуге шақырады. Сондай-ақ, дәлел-дәйексіз, ел ішін дүрліктіретін ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы “Көрінеу жалған ақпарат тарату” бойынша жауапқа тартылатынын да ескертеді.

Қазір оқып жатыр

«Халықтық құрылыс»: халық игілігіне бағытталған ауқымды жоба

 Жансая Нұралиева

«Қазатомөнеркәсіптің» басқарма құрамынан тағы бір топ-менеджер кетті

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы

Қазақстандық банктер Шахмұрат Мүтәліпке «Алтыналмасты» сатып алу үшін 1 млрд доллардан астам несие беруі мүмкін

Шахмұрат Мүтәліпов

BilimClass платформасында ақау шығып, оқушылар электронды күнделікке кіре алмай қалды

Смартфон