USD
USD
USD

Вирус қолдан жасалынбапты

АҚШ COVID-19 коронавирусының адам қолынан жасалмағанын мойындады. Бұл туралы АҚШ ұлттық барлау қызметінің директорлар кеңсесі мәлімдеді.

Вирус қолдан жасалынбапты
Фото: NEGE.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Алматы, NEGE. "АҚШ барлау қоғамдастығы ғылыми қауымдастықтың COVID-19 коронавирусы жасанды түрде жасалынбаған және генетикалық түрлендірілмеген деген пікірімен келіседі", - деген хабарламада.

Сондай-ақ, Америка Құрама Штаттары аурудың вирус жұқтырған жануарлармен байланыстан басталғанын немесе оның Ухан зертханасындағы апат салдарынан болғанын анықтау үшін тергеуді жалғастырмақ.

Бұған дейін ДДҰ коронавирустың табиғи шығу тегіне күмән келтірмейтінін мәлімдеген болатын. Сонымен бірге ұйым Қытайдың оған COVID-19 себептерін зерттеуге мүмкіндік бермейтінін мәлімдеген еді.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев

«30 доллардан басталады»: мамандар киберқылмыс қызметінің бағасын анықтады

хакер

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат