USD
USD
USD

Вирус қазақтарды Камриден айыра алмайды

Осының алдында Тойота коронавирус қаупіне байланысты Қытай зауыттарындағы өндіріс жұмыстарын уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған болатын. Бірақ одан Қазақстанға ешқандай зиян тимейді дейді, сарапшылар.

Вирус қазақтарды Камриден айыра алмайды
Фото: NEGE.kz

Қазақстанға Тойота автоөнімі Ресейдегі Шушары елді-мекеніндегі зауыттан және Түркиядағы зауыттан жеткізіледі. Бізге Қытайдағы Тойота зауыттарынан ешқандай өнім келген емес. Қытай зауыттарының өнімі негізінен Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия мен АҚШ-қа жөнелтіледі. Кеше Тойота "түрлі факторларды, оның ішінде жергілікті және аймақтық үкімет ұсыныстарын, қосалқы бөлшектерді жеткізуді және логистиканы ескере отырып, Қытайдағы өндірісті уақытша тоқтатамыз» деп мәлімдеген.

Зауыттар келесі апта жабылатын болады. Бірақ Тойота 17 ақпаннан бастап қайтадан қалыпты жұмысына оралуға дайын екенін жасырмады. Тойотаның Қытайда 12 автомобиль және қосалқы бөлшектер шығаратын зауыт бар.

Бұған дейін Starbucks коронавирустық індетке байланысты Қытайдағы кофеханаларының  жабылатыны туралы жар салған еді. 

Әзірге Қазақстан Қытайдан тауарлар импортына шектеп отырған жоқ. Мамин бастаған министрлер кабинеті коронавируспен күреске  3,5 миллиард теңге бөлді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары