USD
USD
USD

Вирус қайта жұғуы мүмкін бе?

Әлемдік ғалымдар коронавируспен ауырып, жазылып шыққан адамның бойында иммунитет қаншалықты ұзаққа шыдайтынын білмейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты.

Вирус қайта жұғуы мүмкін бе?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Вице-министрдің айтуынша Қазақстанда қазіргі таңда коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы тіркелмеген.

«Адамдар коронавирустың ауыр түрімен ауырып, қайтадан анализ тапсырған кезде тесттің теріс нәтиже көрсеткені, содан біршама уақыттан кейін қайтадан тест оң нәтиже көрсеткен жағдайы тіркелген. Алайда мұндай жағдайда біздің мамандар бастапқы вирустың ағзадан толық кетпеуі деп түсіндірді. Анализ клиникалық белгісі болмаған сипатта оң нәтиже көрсетеді. Сол себепті бұл – қайтадан жұқтыру жағдайы ретінде есептелмейді. Қазақстанда қазіргі таңда коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ», – деді Ажар Ғиният ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр бүкіл әлемнің ғалымдары ауырып болған адамның бойындағы иммунитеттің қаншалықты шыдайтынын зерттеп жатыр.

«Уақытша, яғни 6 апталық иммунитеттің қалыптасатыны жайлы мәлімет бар. Алайда бұл ретте де нақты жауап жоқ. Себебі бұл аурудың өту ағымына байланысты. Адам қандай жағдайда ауруға қарсы тұратындығы туралы ғалымдарда нақты бір ортақ тұжырым жоқ», – деді Ажар Ғиният.

Қазір оқып жатыр

«Әр баладан 200 мың теңгеден жинап жатыр»: алматылық ана Президентке шағымданды

Бітіру кеші

Наурыз ҰБТ-сы тапсырмаларынан 17 қате анықталған

ҰБТ

ШҚО-да сот ұсталған депутаттың компаниясын тас жолды қайта жөндеуге міндеттеді

Жол жөндеу

Қостанайда субсидияға бөлінген 3 млрд теңге жымқырылған: қылмыстық топқа үкім шықты

блогер соты