USD
USD
USD

Выручка аз, таза табыс көп. Құлыбаевтың мұнай бизнесі НЕГЕ аномалияға ұшырады?

«Каспий нефть» акционерлік қоғамы 2025 жылы өзін сатуға дайындау бойынша ешқандай жұмыс жүргізбеген. Компанияның 2025 жылғы бөлек қаржылық есептілігінде оған қатысты ешбір ақпарат жоқ.

Каспий нефть
Фото: Фото: Nege.kz

Бұған дейін таралған инсайдтарда Тимур Құлыбаевтың "Каспий нефть" компаниясын сатып, осы арқылы мұнай-газ саласынан мүлде кету мүмкіндігі туралы жиі айтылған еді. Алайда компания жақсы табыс алып жүргендіктен, Тимур Асқарұлының одан құтылуға асықпайтыны анық.

Каспий нефть 2025 жылды 66,4 млрд теңге таза пайдамен аяқтады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 27,9 млрд теңге болған. Яғни таза пайда шамамен 2,4 есе өсті. Бірақ бір аномалия бар.

Каспий нефть
Фото: "Каспий нефть" АҚ 2025 жылғы аудиттелген бөлек есебі. Аудитор: PWC

Былтыр компанияның таза пайдасы күрт өскенімен, түсімі төмендеген. Жалпы түсім «Каспий нефть» компаниясының мұнайды аз бағаға сатқандығынан аз болып шықты Сонда қорытынды пайдасы НЕГЕ көп шығып тұр?

Компанияның выручкасы 115,1 млрд теңгеден 78,6 млрд теңгеге дейін төмендеді. Бұл – шамамен 32 пайыздық құлдырау. Негізгі соққы шикі мұнайдың экспорттық сатылымынан келді. Экспорттан түскен табыс 86,3 млрд теңгеден 55,3 млрд теңгеге дейін азайды. Ішкі нарықтағы сатылым да 28,8 млрд теңгеден 23,4 млрд теңгеге дейін төмендеген.

Каспий нефть
Фото: Nege.kz

Ал таза пайда НЕГЕ артты? Оның операциялық блокқа қатысы жоқ. Біріншіден, компанияның жалпы және әкімшілік шығыстары 17,7 млрд теңгеден 5,6 млрд теңгеге дейін күрт төмендеді. Себебі 2025 жылы Каспий нефть ешқандай айыппұл арқаламай, мұндай шығындарға ұшырамаған.

Екіншіден, «Каспий нефть» акционерлік қоғамы еншілес ұйымдарынан 34,2 млрд теңге сомасына ірі дивиденд алды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш небары 7 млрд теңге болған еді.

Үшіншіден, қаржылық блоктың кірістері 2,3 млрд теңгеден 14,3 млрд теңгеге дейін өсті. Алайда бұл кірістердің елеулі бөлігі классикалық нарықтық құралдар бойынша пайыздық табыстан емес, берілген қарыздардың әділ құнын түзетуді амортизациялаудан қалыптасқан. Яғни бұл тек қағаз жүзіндегі кіріс қана.

Тимур Құлыбаевқа қарасты «Каспий нефть» компаниясы Атырау облысындағы Айранкөл мұнай кен орнын игереді. Бүгін Атырау облыстық мәслихатының депутаты Сырымбек Сәрсембаев аталған кенішті «Доссормұнайгаз» құрылымына қайтаруды сұрап, Президент Әкімшілігіне ресми сауал жолдады. Онда Айранкөл тарихи тұрғыдан «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына кіретін мемлекеттік «Құлсарымұнайгаз» басқармасының балансында болғанын, алайда кейін «түрлі түсініксіз себептермен жеке меншікке өтіп кеткені» атап көрсетілген.

Айранкөлсіз «Каспий нефть» компаниясының нарықта қалмайтыны анық. Кенішті мемлекетке қайтару туралы ашық талаптар пайда бола бастағандықтан, Тимур Асқарұлына бұл активті тез арада сату мәселесімен айналысқан жөн сияқты.

Қазір оқып жатыр

Негізгі ҰБТ басталғалы төрт аптада төрт жүздей ереже бұзушылық анықталған

ҰБТ

Назарбаев Amanat партиясына мүше емес – Айдос Үкібай

Назарбаев

Германияда Facebook қолданушылары канцлер Мерцті қорлағаны үшін айыппұл арқалады

Мерц

Қырғызстан азаматы ФСБ тапсырмасымен Украина барлаушысын өлтіруге оқталды деп айыпталуда

Қырғызстан азаматы