USD
USD
USD

«VIP-клиенттерге есірткі әзірлеген»: Алматы облысында қылмыстық смеха әшкереленді

Алматы облысында полицейлер есірткі өндірісінің толық циклін ұйымдастырған қылмыстық топты әшкереледі.

есірткі
Фото: Polisia.kz

Астана, NEGE. Ішкі істер министрлігі мәліметінше, қылмыстық топ мүшелері есірткісі бар өсімдіктерді жасырын өсіріп, дайын өнімді VIP-санаттағы клиенттерге өткізген.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановтың хабарлауынша, фитозертхана автоматтандырылған желдету жүйесімен, температураны, жарықтандыруды және суаруды бақылайтын датчиктермен жабдықталған. Бұл жүйе құрамында есірткісі бар өсімдіктердің жоғары концентрациялы сұрыптарын өсіруге мүмкіндік берген.

Жасырын жеке кіреберісі бар жертөлені тінту барысында 29 түп қарасора, 27 кг дайын өнім, өсіруге арналған заманауи жабдықтар, электрондық ақпарат жеткізгіштер, байланыс құралдары, қылмыстық жолмен алынған 3 млн теңге көлеміндегі қаражат, сондай-ақ оқ-дәрілері бар тіркелмеген қару тәркіленген.

«Фитозертхананың ұйымдастырушысы – 40 жастағы ер адам ұзақ уақыт бойы каннабис тобына жататын есірткілерді өсіру технологиясын жан-жақты зерттеп, жер телімінде ауданы 100 шаршы метрден асатын, арнайы салынған ғимаратта жасырын өндірісті кеңейтуді жоспарлаған», – дейді ІІМ өкілі.

Осы мақсатта ол алыс шет мемлекеттерге арнайы барып, сала мамандарынан кеңес алған. Шетелден арнайы жабдықтарға тапсырыс беріп, құрамында есірткісі бар жоғары концентрациялы шикізатты гашиш майына қайта өңдеу тәсілдерін жетілдірген.

«Жедел-тергеу іс-шаралары барысында оның қылмыстық байланыстары анықталып, бұрын аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бірнеше рет сотталған 45 жастағы ер адам ұсталды», – деп мәлімдеді Бақытжан Әмірханов.

Полицейлер оның гаражынан 4 кг гашиш, буып-түйілген есірткі өнімдерін, zip-пакеттер және есірткі тұтынуға арналған құралдар тәркілеген.

Іс бойынша ұсталған күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ олардың қылмыстық жолмен алынған жылжымайтын мүлкі, қымбат автокөліктері бұғатталды.

Қазір оқып жатыр

«30 жылдық тарихи миссиясын аяқтады»: Астанада Сенаттың соңғы отырысы өтті

Сенат

Ресейдегі жанармай тапшылығы: тасымалдаушылар Қазақстан бағытын қарастырып жатыр

Жүк тасымалдаушылар

Қазақстан екі халықаралық банктен 460 млрд теңгеден астам қарыз алады

ақша

Батыс Қазақстан инвестиция тартуда қандай артықшылықтарға ие?

БҚО, инвестиция