USD
USD
USD

VII Армия халықаралық ойындары басталды

Бүгін 11 мемлекеттің аумағында жетінші Армия халықаралық ойындары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

VII Армия халықаралық ойындары басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Конкурстар 22 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында өтеді. Оған 40-тан астам елден әскери командалар қатысады. Әскерилер далалық, теңіз және әуе жаттығулары бойынша 34 конкурста бақ сынайды. Қазақстандық әскери қызметшілер оның он біріне қатысады. Атап өтер болсақ, олар «Танк биатлоны», «Теңіз кубогы», «Десант взоды», «Тактикалық мерген», «Тәртіп сақшысы», «Эльбрус шеңбері», «Аттар марафоны», «Артиллериядан оқ ату шеберлері», «Сұңқар аңшылығы», «Әлем жауынгері» және «Әскер мәдениеті» конкурстары. Армия халықаралық ойындары бір мезгілде он бір мемлекеттің аумағында, 23 полигонда және үш теңіздің айлағында өтеді.

Екі конкурс – «Артиллериядан оқ ату шеберлері» минаатқыш есептоптарының және «Сұңқар аңшылығы» ұшқышсыз ұшу аппараттары есептоптарының сайысы елде Жамбыл облысының Гвардейск кентіндегі «Мәтібұлақ» полигонында өтеді. Армия халықаралық ойындарында ел намысын танкистер мен артиллеристер, десанттар мен теңізшілер, әскери полиция мен арнайы күштер және таулы-егерлік полкінің мамандарын даярлау орталықтарының бөлімшелері қорғайды.

Қазір оқып жатыр

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот