Желідегі видео: «Дикий Арман» ұсталды news video

19 шілде, 15:05

«Дикий Арман» лақапатымен танымал Арман Жұмагелдиевтің ұсталғаны туралы видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр.

Алматы, NEGE. Арман Жұмагелдиевке ұқсайтын адамның ұсталғаны түсірілген видео Instagram-да жарияланған. Жазбада «Алиба Семский» лақапатымен танымал тағы бір қылымыс әлемінің серкесі ұсталды делінген.

«Елордадағы элиталы мейрамханада олардың отырысын арнайы күштер бұзған. Олардың бәрі алдын алу шаралары үшін полиция бөліміне жеткізілді», – делінген видео жазбасында.

Бірақ, бұл видео жайлы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті былай деп түсініктеме берді. 

«Ойын-сауық мекемелерінің бірінде жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде полиция қызметкерлері алты адамнан тұратын бір топ адамды ұстады. Барлығымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Полиция департаменті тұрақты негізде қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында ойын-сауық мекемелерінде жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар жүргізеді», – деп хабарлады ПД баспасөз-қызметі.

Арманның өзі түсінік бермеген. Тек, жеке парақшасына «маған ешнәрсе болған жоқ» деген сыңай танытып, Rolls-Royce автокөлігін тізгіндеп бара жатқан суретін жариялады.