USD
USD
USD

Видео арқылы бұзақыларды ұстау басталды

Алматыда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде әскери КАМАЗ көлігін басып алған ер адам ұсталды.

Видео арқылы бұзақыларды ұстау басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алматы қаласы комендатурасының мәліметінше, ол 27 жастағы Павлодар облысы Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты. Айыпталушының тонауға да қатысы бар екені анықталды.

Алатау ауданының полиция қызметкерлері күдіктіні «Өжет» ықшам ауданында ұстады. Одан қару-жарақ дүкенін тонау нәтижесінде ұрланған 30 патроны бар тегіс ұңғылы «Сайга» мылтығы тәркіленді.

Қылмыстық жолмен алынған тағы бірнеше атыс қаруын Алатау аудандық полиция қызметкерлері үш адамнан анықтады.

Қару-жарақ сататын дүкендерді тонау нәтижесінде олар «Аta-аrms», «Remington-700» және «Sauer-202» мылтықтарын оқ-дәрілерімен бірге заңсыз иемденген. Күдіктілер қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

.

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

.

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

науқас

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет